Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда дағдарысқа қарсы шараларға 252 млрд теңге бөлінеді

2020 жылдың 3 шілде 2020 16:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дағдарысқа қарсы шараларға 252 млрд теңге бөлу қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда ТЖ режимін қамтамасыз етуге 265,3 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға 252,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл бағытта 216 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. 1 шілдеде жұмыспен қамту орталығында 14860 жұмыс орны құрылған. Жұмыспен қамтудың жол картасы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қолға алынған.

Одан бөлек қаражат мұқтаж санаттағы азаматтарға коммуналдық төлемдерді өтеуге, азық түлік себетін жасақтауға жұмсалады», - деді Қоғамдық кеңес отырысында Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.

Бұған дейін Қоғамдық кеңесте коронавирустық инфекциямен күресте 12,2 млрд теңге бөлінгені айтылған болатын.



Жоғары қарай