Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда COVID-2019 індетінен 7 адам жазылды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 22:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бірі - әйел адам «Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы» бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі – «Мәскеу – Алматы» рейсімен келген ер адам. Екеуі де тиісті ем-дом шараларын алды. Олар енді медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Осымен Алматыда коронавирустан барлығы 7 адам жазылып шықты.

Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 60 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Жаңадан анықталған 9 науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Бір әйел адам 19 наурызда «Минск – Алматы» рейсімен, бір пациент «Дублин – Ыстанбұл – Алматы» бағытымен және бір адам «Ыстанбұл – Алматы» рейсімен ұшып келген.

«56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 1 әйелдің жағдайы ауыр, 4-еуінің жағдайы орташа және 1 баланың денсаулығы жақсарып келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514-і - үй карантинінде», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай