Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 09:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2402 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды. 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді»,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.


Жоғары қарай