Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бүлік кезінде зардап шеккен сарбаздардың жағдайы қалай

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 10:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Патруль» сериалына түскен актерлар Медет Аманбаев пен Мейірхан Шерниязов ауруханаға барып, жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен полицейлердің жағдайын білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға, олардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төнді. Полиция мен әскери қызметкерлерге өз өмірі мен денсаулыған қауіпке тіге отырып, қылмыстық әрекеттерді тоқтатқаны үшін алғыс айтамыз. Біз қаланы қорғаған полиция қызметкерлерін қолдаймыз», - деді актерлер.

Белгілі болғандай, кеше тәртіп сақшыларының біріне күрделі ота жасалған. Қылмыскерлер жүк көлігімен оның екі аяғын қасақана басып өткен.

Сондай-ақ, бүгін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Айдын Қабдулдинов әріптестеріне барып, олардың денсаулық жағдайларын біліп қайтты.

«Ішкі істер министрлігі, қалалық полиция департаменті басшылығы жеке құрамы және барша қазақстандықтардың атынан біз жаппай тәртіпсіздікті реттеу кезінде зардап шеккен әріптестерімізге барып, олардың денсаулық жағдайларын білдік. Біз олардың тез сауығып кетуін және азаматтардың қауіпсіздігі мен елдегі тұрақтылық үшін жақын арада қызметке кірісуіне тілектеспіз», – деді ол.


Жоғары қарай