Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда BMW көлігі апатқа ұшырап, жүргізушісі ауыр жарақат алды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 16:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда BMW көлігі жол қоршауына соғылып, жүргізушісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол апаты таңғы 04:00 шамасында болған.

«27 жастағы BMW жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығысқа бет алып келе жатып, Яасауи көшесімен қиылысқан жерде апатқа ұшыраған. Жүргізуші ауыр жарақат алып, №7 ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Жол апатының мән жайы анықталып жатыр», - деді қалалық ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адамның жағдайы өте мүшкіл болған.

«Жүргізуші есінен танып қалған. Комада жатыр. Кеуде тұсы соққы алған. Миы жарақат алған. Сол жақ сан сүйегі сынған. Қазір ол жасанды желдету аппаратына қосылған. Шоққа қарсы терапия жасалып жатыр», - деді №7 аурухананың Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай