Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бірқатар шетел азаматтары уақытша эвакуацияланды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметіне Алматыдан өз еркімен кетеміз деген консулдықтың кейбір қызметкерлерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын 12 қаңтарда уақытша эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан әрқашан Америка Құрама Штаттарының сенімді досы болып қала береді. Біз қазақстандықтардың тұрақтылығына және халықтың бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз» делінген елшіліктің мәлімдемесінде.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердімен 6 қаңтарда сөйлескенде айтқандай, АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын толығымен қолдайды.

«Жағдайдың мүмкіндігіне қарай, біздің қызметкерлеріміз Алматыға қайта орала алар деген ойдамыз» деп мәлім етті АҚШ елшілігі.


Жоғары қарай