Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда бірқатар көше 3 айға жабылады

2022 жылдың 23 мамыр 2022 22:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қыркүйек айына дейін бірнеше көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Серіков көшесі (Гүлдер саябағы аумағынан саябақ аймағындағы Қазыбаев көшесіне дейін), Қазыбаев көшесі (Серіков көшесінен солтүстік бағытта № 288 үйге дейін), Мақатаев көшесі (Оңтүстік бағытта Ангарская көшесінен «Айнабұлақ-3» шағын ауданына дейін жабылады.

Сонымен қатар, Бостандық ауданында Ерғожин көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.
Медеу ауданында 25 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қазыбек би көшесі (Уәлиханов көшесінен Абдуллин көшесіне дейін), Пушкин көшесі (Қарасай батыр көшесінен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін) жабылады.
1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Медеу ауданында Төле би көшесінде (Батыс бағытта Уәлиханов көшесінен Зенков көшесіне дейін) көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
7 маусым мен 1 қыркүйек аралығында - Әуезов ауданында Садовников көшесінде (Төле би көшесінен Өтеген батыр көшесіндегі № 82 үйге дейін).
Енгізілген шектеулер осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет
«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схема бойынша жеткізіледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Жол, Көлік,
Жоғары қарай