Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

2021 жылдың 12 қазан 2021 10:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4907 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 қазан күні 4907 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1899 , II компонентін 3008 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қазан аралығында қалада 969 376 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 899 300 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 333 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай