Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылдың 19 қазан 2021 10:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4644 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қазан күні 4644 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1590, II компонентін 3054 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қазан аралығында қалада 979 831 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 915 078 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 807 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОО-ларында вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай