Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3530 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қыркүйек күні 3530 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1 615, II компонентін 1 915 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 қыркүйек аралығында қалада 910 894 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 805 051 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 115 106 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай