Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда  бір тәулікте 2 491 адамнан коронавирус анықталды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 13:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 480 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 491 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 195, келіп түскені – 253

«Инфекциялық стационарларда 1 480 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 156 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 85 адам жатыр.

Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 29 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 446 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 11 751 науқас.

Симптомсыз 715 науқас бар.


Жоғары қарай