Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір күнде 9 мыңнан астам адам вакцина салдырды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 11:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша соңғы тәулікте 9140 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 сәуір күні 9140 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 сәуір аралығында 126 099 адамға екпе салынды.

Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 000-нан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған.

Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар.

Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) ашылыған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Айта кетейік, 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Тау самалы» базарында вакцинация пункті ашылды.


Жоғары қарай