Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Алматыда бір ай бұрын жоғалған қызға қатысты ақпарат тексерілуде

2019 жылдың 5 наурыз 2019 18:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полициясы бір айдан бері із-түссіз кеткен 22 жастағы бойжеткен Анастасия Галееваның өлімі туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық Полиция Департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет айтты.

22 жастағы қыз ақпанның 9-нан 10-на қараған түні Алматы облысы Жаңа Қуат коттедж қалашығындағы құрбысының үйіне шаш үлгісін жасауға барып содан үйіне оралмаған. Анастасия құрбысының үйінен түн ішінде сағат 23:30-да шыққан.

Оқыс оқиғадан соң қызды іздеу шараларына 50 ерікті, кинологтар, полиция қызметкерлері кірісті.

Еріктілер 1 наурызда іздестіру шараларын тоқтатқан болатын. Олар қолдан келген барлық іс-әрекетті жасағанын, қалған жұмыс полиция еншісінде екенін айтты.

Кейінірек Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі еріктілер тобының жетекшісі Ислам Угушев Фейсбукте Анастасияның жақындары өз ойларымен бөлісетінін айтқан болатын. Комментарийлер арасында Угушев қыздың көз жұмғаны жазылды.

Ал полиция департаменті бұл ақпаратты растауға асықпай отыр.

«Іздестіру шаралары жалғасатын болады. Қыздың көз жұмғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Іздестіру шараларына Талғар аудандық ПБ мамандары жұмылдырылды», - деді облыстық ПД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай