Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бес адамды атып өлтірген күдікті туралы жаңа деректер шықты

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 18:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бес адам атып өлтірген Игорь Дужнов алты азаматтық дау мен 27 материал бойынша жауапкер болған. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014-2021 жылдары Игорь Дужнов алты азаматтық іс бойынша сотта жауапкер болды. Ол ұзақ уақыт бойы қарызын өтемеген. Сондықтан екі адам одан жалпы сомасы 6,5 миллион теңге қарызды өндіріп алу үшін жүгінген. Сонымен қатар, ЖШ С бес миллион теңгені қайтару туралы және банк 118 миллион теңгені қайтару туралы талап арыз берген», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы қалалық соты мәліметіне сүйенсек, үш іске қатысты сот шешім шығарды. Сол бойынша Дужновтан 130 миллионға жуық теңге өндірілген. Бірақ ол тағы үш іс бойынша айыпталды. Бұл банктің «мүлікті өндіріп алу туралы» талабы, сонымен қатар азаматтардың «ерлі-зайыптының ортақ қарызы ретінде соманы тану және оның отбасын шығару туралы» екі талабы.

«Сот орындаушылар 27 рет сотқа жүгінді. Олар Дужновтың мүлкіне тыйым салуды және ақшаны мәжбүрлеп қайтару үшін басқа да шараларды қолдануды талап етті. Сот орындаушылары борышкердің ортақ меншіктегі үлесін анықтауды сұрады. Сонымен қатар, олар сот шешімін орындау үшін әдіс пен процедураны өзгертуді сұрады», - деп атап өтті Алматы соты.

Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жоғары қарай