Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда  банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

2020 жылдың 16 қазан 2020 13:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қазан күні болған.

«Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын қалғандықтан, банк бөлімшесінде клиенттер болған жоқ. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 млн теңгені алып кеткен. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл соғыла салысымен, көп ұзатпай келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет жасауда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады»,– деп хабарлады полициядан.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Оқиға, Алматы, Видео,
Жоғары қарай