Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда балалардың қолынан телефонын тартып алған жігіт ұсталды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 21:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жасөспірімдердің қолынан ұялы телефонды тартып алып кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы Н. есімді ер адам 12-15 жас аралығындағы балалардың телефонын тартып алған. Ол кәмелетке толмағандардың қасына келіп, бір рет қоңырау шалу үшін телефонды сұрап, содан кейін қашып кеткен.

«Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді. Қазір ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай