Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыда автокөлік бірнеше адамды қасақана қағып кетті

2019 жылдың 26 тамыз 2019 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қазір видео желіде тарап жатыр. Оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған.

Бейнетаспада бір топ жігіттердің екі көлік жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қағады. Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады.

Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. ҚР ҚК үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бостандық аудандық полиция бөлімінде территориялық жағынан, сондай-ақ ПД тергеу бөлімінде тергелуде. Күдіктілер анықталды, қазір оларды ұстауға және көлікті тәркілеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде»,- деді полцияның баспасөз қызметі .
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай