Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

2021 жылдың 23 қараша 2021 19:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 27 қараша күні «Астана» орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 175 млн теңге болатын 455 тоннадан астам азық- түлік жеткізіледі.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 53 өнім түрлері ұсынылады. Атап айтар брлсақ, 36 тонна ет, 21 тонна сүт өнімдері, көкөніс 115 тонна, балық 16 тонна, жеміс-жидек 38 тонна, картоп пен 190 тонна өзге де өнімдер бар.

Жәрмеңкеде ұсынылатын азық- түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.


Жоғары қарай