Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда аутизмге шалдыққан балаларға арналған шара өтті

2019 жылдың 3 қазан 2019 22:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Біздің қолымыздан бәрі келеді» атты спорттық мереке өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық жарыс, «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қорының ұйымдастырумен «Аутизмді жеңеміз!» жобасы аясында өтті.

«Аутистизмге шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына жеңіс пен жаңа өмірлік мақсат-мұраттармен қатар жоба аясында оқу жылын табысты аяқтауды тілеймін. Біз үшін «Аутизмді жеңеміз!» жобасы - балаларға осы дертпен күресуге күш- қуат береді»,- деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин.

Шара барысында, кинология орталығының қызметкерлері балаларға күн сайын ел шекарасын қорғауға көмектесіп жүрген жануарлардың қабілет-қарымдарын көрсетті. Балалар, әсіресе, лабрадор тұқымдас өте мейірімді иттерді көріп, мәз-мейрам болып қалды.




Өз кезегінде жоба аясында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектер мерекеге келген қонақтар мен ата-аналарына өздерінің спорттағы жетістіктерін көрсетті. Әсіресе, олар эстафета кезінде өздерінің командылық рухтары мен ерік-жігерлерін көрсете білсе, «Аңсау» футбол командасы допты кәсіби деңгейде меңгере алтындықтарын дәлелдеді.

Бұл мерекеге балалар мен олардың ұстаздары бір айдан астам уақыт дайындалды. «Аутизмді жеңеміз!» жобасы қызметкерлерінің күнделікті жүргізіп отырған жұмыстары өз нәтижиесін берді. Балалар қоршаған ортаға бейімделе бастаған.




«Менің ұлым үнемі үнсіз болатын және айналасында болып жатқан жағдайларға анда-санда ғана назар аударатын. Ал қазір ол өзінің бізге, ата-анасына деген махаббатын сездіре алатын мүмкіндікке жетті. Өмірге қызығушылықпен қарай бастады. Бұл осы салада жүрген қызметкерлдердің еңбегі, жемісі », - деді жобаға қатысушы балалардың бірінің анасы.

Шараға 35 бала қатысты. Бұл жоба аутистерге көмектесу барысында ата-аналар мен мамандарды біріктірудің үлгісіне айналды.










Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина, Аутизм,
Жоғары қарай