Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ауаны бақылайтын 10 станция орнатылды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 16:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауаны бақылау үшін мегаполистің әр бөлігінде 10 автоматтандырылған станция орнатылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин кезеңінде сарапшылармен, экологиялық және көліктік қоғамдастықтардың өкілдерімен бірге қоршаған ортаны жақсарту бойынша қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары жасалды. Қаланың әр жерінде ауаны бақылау үшін 10 автоматтандырылған пост орнатылды. Осылайша алматылықтар ауа сапасын Led-экран арқылы бақылай алады»,–дейді

Оның айтуынша, атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат Led-экранға 26 датчиктен келіп түседі, ақпарат күніне үш рет жаңартылып тұрады. Қосымша тағы 10 мониторинг станциясына қосу жоспарда бар.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай