Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 20 қазан 2021 18:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 қазан күні Алматы тауларында күндiз жаңбыр және қар жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстiк-батыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкін болуы мүмкін.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.

- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.

- Үйге ертерек қайтуға тырысыңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.

- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.

Автокөлік жүргізушілері, сақтық шараларын сақтаңыз!


Жоғары қарай