Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда астана күніне орай жаңа скверлер ашылды

2020 жылдың 6 шілде 2020 22:31

АЛМАТЫ. қазАқпарат – Алматыда Астана күніне орай жаңа скверлер ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Астана күніне орай Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылды. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы микроклимат жасау.

«Алматы-2050» стратегиясында белгіленген міндеттерге сәйкес, қала әкімшілігінің қызметінде басымдық берілген бағыттарының бірі қалада қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде және түрлі жобалар, атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылуда», – деп хабарлады әкімдік.





Қала тұрғындарына қолайлы өмір жағдайларын жасау мақсатында «Будённый» және «Маяк» скверлері іске қосылды.

«Будённый» скверінің жалпы аумағы 1,1 га, төсем тас (брусчатка) жабынының аумағы – 2 150 шаршы метрді, асфальт жабынының аумағы – 1 579 шаршы метрді құрайды. Тұрғындар үшін скверде қолайлылық және қауіпсіздік жасау үшін оның аумағына заманауи 50 LED жарықшамы орнатылған. Сонымен бірге, 16 жаттығу құрылғысы бар воркаут алаңдардың 4 түрі бар. «Маяк» скверінде футбол алаңы, стрит-болл алаңы, сондай-ақ, жаттығу құралдары бар 2 воркаут алаңы бар»,– деп атап өтті әкімдіктегілер.





Сонымен бірге, мереке қарсаңында Жамбыл мен Қожамқұлов көшесінің бұрышындағы учаскені абаттандыру жұмыстары аяқталды. Алаңда скейтте, самокатта сырғанау, велосипед тебу сияқты заманауи спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.





Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланы абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске саламыз. 2019 жылы 140-тан астам көше жөнделді, 2020 жылы 200 көшені жөндеп, тұрғындарға қолайлы болу үшін жер үсті жаяу жүргіншілер өтетін жоларды салу жоспарда. Қазір 11 жоба қолға алынды, олардың арасында саябақтарды, скверлер мен көшелерді абаттандыру, өзен арналарын қайта қалпына келтіру жұмыстары бар.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Астана күні,
Жоғары қарай