Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда әскерилер 100 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады

2020 жылдың 10 наурыз 2020 19:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Алматы тұрғыны Жапабек Молдабаев бүгін 100 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері қарияны үйіне барып құттықтап қайтты.

«Алмалы ауданында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 40 ардагер бар. Ол кісілермен күнде сөйлесіп тұрамыз. Қандай көмек керектігін біліп тұрамыз», - деді басқарма басшысы Айдар Мүсірепов.

Жапабек Молдабаев 1920 жылы 10 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында дүниеге келген.

1940 жылы қазанда КСРО қарулы күштер қатарына шақырылған. Ары қарай соғыс майданында 37-ші дивизияда пулеметші болған. 1941 жылы 1 маусымда оның полкін Манчжуриямен шекаралас аймаққа көшірген.

Ардагер Ленинградты қорғау шебінде ұрысқа қатысқан, Волхов қаласын жаудан тазартқан.

1942 жылы Волхов қаласында оққа ұшып, ауыр жарақат алған Жапабек Бабашарұлы әскери госпитальге жеткізілді.





Жапабек Молдабаев «1 дәрежелі ҰОС ардагері» орденімен, «Құрмет» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» орденімен, 30-ға тарта медальмен марапатталған.

Қазір ардагер 10 баладан 31 немере, 43 шөбере сүйіп отыр. Жұбайымен бірге жақында гаухар тойын атап өтті.

Бүгінде Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыстың 220 ардагері тұрады.


Жоғары қарай