Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда әскери институт курсанты көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 12:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әскери қызметшілер полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірге карантиннің алғашқы күндерінен бастап бақылау-өткізу посттарында қызмет етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО төртінші курс курсанты Мейрамбек Найсекенов кезекшілік кезінде «Алтын Орда» маңында өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді құтқарып қалды.

«Қараңғыда көпірден секірмек болған қыздың сұлбасын байқап қалған курсант ойланбастан құтқаруға ұмтылады. Ол әйелдің қолынан ұстап, көпірдің сыртқы тіреуінен шығарып, қауіпсіз жерге апарады. Кейін өзінің қолбасшысына хабар беріп, қызды тыныштандыруға тырысқан» - деп хабарлайды оқу орнынын баспасөз қызметі.





Белгілі болғандай, бойжеткен мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғандықтан барған. Ол курсант Мейрамбек Найсекеновтің батыл әрекетінің арқасында аман қалды.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай