Алматыда аптап ыстық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ТЖД Қазгидрометке сілтеме жасап ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шілденің 19-22 күндері Алматыда сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болады деп күтілуде.
Мамандар бұл күндері мейілінше абай болуға шақырады.