Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда «Aport Mall» қашан ашылады

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 13:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15 қаңтардан бастап Aport Mall сауда ойын-сауық орталығы өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Aport Mall сауда орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, сауда орталығын жалдаушылардың 90%-дан астамы қарулы шабуылдардан кейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, ашылуға дайын.

Осыған байланысты 15 қаңтардан бастап молл жұмысын бастайды.

Тонаушылардың бұзақылық әрекетінен ең көп зардап шеккен дүкендер айдың соңына дейін ашылады.

«Қазіргі уақытта жалға алушылар мен «Апорт« молл командасы соңғы жұмыстарды жүргізуде. Осы апта соңында қайтадан ашыламыз», - деді мәлім етті баспасөз қызметінде.

Төтенше жағдай кезінде молл қысқа кестеде, яғни, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, жалға алушылардан жалдау ақысы алынбайды.

Бұған дейін Алматыда қандай сауда нысандары қайта ашылып, қайсысына зақым келгенін жазғанбыз.


Жоғары қарай