Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда анасын өлтірген жасөспірім психикалық ауруханаға жатқызылды

2021 жылдың 14 қазан 2021 12:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кәмелеттік жасқа толмаған алматылыққа анасын өлтіргені үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 қаңтарда 15 жасар жасөспірім үйінде қысқатолқынды пешті пайдаланып қағаздарды өртеп жіберген. Өртті байқаған ана оған ескерту айтып, отты сөндіреді. Сол сәтте жасөспірім асхана пышағын алып, оның мойны мен кеудесіне бірнеше рет сұғып алған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірім қылмыс жасау кезеңінде психикалық бұзылуларға байланысты (параноидты шизофрения) өзінің әрекетінің қауіптілігін сезіне алмайтынын анықтады.
«Кәмелетке толмаған жігіт сот үкімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды (психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емделу»,- деді Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай