Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

2020 жылдың 26 ақпан 2020 12:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Ұлттық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.




«Алтын Орда– Еуразия аумағындағы Түрік қағанатынан кейін құрылған екінші Еуразиялық мемлекет. Қазақстан аумағындағы тарихына 3 мың жыл болды десек, бұл сол мемлекеттіліктің ХІІІ-ХV ғғ көрінісі. Сонымен қатар, Алтын Орда үш ғасыр өмір сүрген заманында өзінің территориясындағы көптеген халықтардың этникалық, саяси тарихына мемлекеттің дамуына көп ықпал етті. Тіпті, көрші Рессейдің тарихында да Алтын Ораданың өзіндік орны бар. Ал, қазіргі түркі тілдес халықтардың ішінде бірнешеуі ғана өзін Алтын Орданың тікелей заңды мұрагеріміз деп санай алады. Ол әрине бірінші қазақ халқы және Қырым татарлары. Өкінішке орай, көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті»,- дейді тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.




Сонымен қатар, шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ашылды. Кітап көрмесі алты бөлімнен тұрады: «Алтын Орданың құрылуы», «Алтын Орда туралы тарихи-ғылыми кітаптар», «Алтын Орда хандары», «Алтын Орда кезіндегі қалалар», «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттер», «Алтын Орда туралы әдебиеттер».




Сондай-ақ, көрмеге «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шетелдегі кітапханалардан жеткізілген Алтын Орда хандарының хаттары да қойылған.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын – жазушылар қатысты.




Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында және «Ұлытау - 2019» халықаралық туристік форумында Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар жұмыс жасау керектігін атап өткен болатын.











фото: kazakh-tv.kz
Жоғары қарай