Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Алматыда Әл-Фараби даңғылынан жоғарыда құрылыс салу талабы өзгерді

2019 жылдың 12 наурыз 2019 23:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта құрылыс салу талабы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістер енгізу туралы құжат электронды үкімет порталында жарияланды.

«Шығыс айналма жолынан, әл-Фараби даңғылынан, Саин, Жандосов көшесінен жоғары аймақта салынатын ғимараттың биіктігі үш қабаттан немесе 12 мтерден аспауы керек. Бұл талап әлеуметтік маңызы бар халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм саласындағы ғимараттардан басқаларына толық жүреді», - деп жазылған жаңа құжатта.

Бұған дейінгі регламентте ғимараттардың астында паркинг болған жағдайда көлемі 15 метрден аспауы керек деген талап болған.

Сонымен қатар, бұл ереже жүрмейтін ғимараттардың қатарына мәдениет және туризм нысандары да қосылды.

Аталған құжатты қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай