Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына арналған флэшбук басталды

2021 жылдың 15 сәуір 2021 13:12

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақын Шөмішбай Сариевтің туғанына 75 жыл толуына арналған флэшбук басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақынның өмiрi мен шығармашылығына арналған «Сезім ақыны» атты флэшбукті онлайн тамашалауға болады.

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. Кейіннен «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған.

1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.

«Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев биыл 15 ақпан күні 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай