Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматыда ақша айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты қысқарды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 20:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ақша айырбастау пункттері кешкі сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, мегаполисте коронавирустың таралуын болдырмау үшін айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты шектелді.

«COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласы аумағында карантин және төтенше жағдай кезеңінде Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб төтенше жағдай режимінің әрекет ету уақытында қалада уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін уақытша шектеуге шешім қабылдады» делінген хабрламада.

Бұл шаралар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экономика, Қоғам,
Жоғары қарай