Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматыда адамдарды айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 18:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, жеке такси жүргізушілері жарнама беру арқылы адамдарды аймақтан қалаға заңсыз тасымалдаған.

«Жүргізушілер оңай ақша табу жолында бұзақылыққа барғандарын айтты,өйткені осы күндері жолаушылар тасымалы, олардың айтуынша, бірнеше есе қымбаттады. Өз жарнамаларында олар бір адамға бес мың теңге берген жағдайда қалаға алып кіретіндерін және қаладан шығаратындарын жазған. Бұл «бұзақылар»айналма жолды білді және арнайы сызба жасады: олардың біреуі жолаушыларды бір жақтан алып, айналма жолда белгілі бір жерге алып барады, сол жерде, жоспар бойынша, олардың клиенті басқа такси жүргізушісіне дейін сәл жүріп баруы керек, ол такси өз кезегінде жолаушыны мекен-жайына дейін жеткізеді.Мұндай сызба екі жақта да жұмыс жасады.Ұсталған екі такси жүргізуші бір-біріне туысқан болып келеді және Алматы облысында тұрады. Айыпталушылардың анықталуы мен ұсталуы Алматы қаласындағы ҰҚК қызметкерлерінің және ПД өзін-өзі қорғау басқармасының көмегімен жүзеге асырылды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдайды бұзу) бойынша хаттама толытырылды. Жинақталған материалдар айыппұл түрінде немесе әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығаратын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай