Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 9 көшені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 17:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мен «Жаңа Алматы» аумағында орналасқан қоғамдық кеңістіктерді 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биыл Алматы халықаралық әуежайынан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер кеңістігіне реконструкция жұмыстары басталады.

Сондай-ақ, көктемде 9 көшені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Олар:

Сәтбаев көшесі: Луганский-Байзақов көшелерінің аралығы,

Достық даңғылы: Абай- Әл-Фараби даңғылдары аралығы,

Әл-Фараби даңғылынан шекара училищесіне дейін, Сейфуллин даңғылы: Абай - Райымбек даңғылдары аралығы,

Райымбек даңғылы: Сейфуллин даңғылы- Пушкин көшесі аралығы,

Пушкин көшесі: Райымбек даңғылы-Гоголь көшесі аралығы,

Мүсірепов көшесі: Абай даңғылы- Тимирязев көшесі аралығы,

Қазыбек би көшесі: Достық даңғылы- Кіші Алматы өзеніне дейін,

Көктөбеге баратын жол: Омаров көшесі бойымен Кіші Алматы өзені- Көктөбе тауының кіреберісіне дейін,

Шалов көшесі: Тоқтабаев- Жандосов көшелерінің аралығы.

2023 жылы 8 көше бойынша жаңа жобалар әзірленеді:

Саин көшесінде: Абай-Төле би көшелерінің аралығы,

Момышұлы көшесі: Шаляпин-Төле би көшелерінің аралығы,

Төле би көшесі: Яссауи-Садовников көшелерінің аралығы,

Абай даңғылы: Жароков-Момышұлы көшелерінің аралығы;

Сүйінбай даңғылы: Райымбек даңғылы-Баум тоғайлары аралығы,

Жандосов көшесі: Үлкен Алматы өзені - Саин көшесі аралығы,

Масанчи көшесі: Сәтпаев-Кабанбай батыр көшелерінің аралығы;

Жароков көшесі: Абай даңғылы- «Қазақфильм» ықшам ауданы аралығы.

Сондай-ақ биылғы жылы қалаға кіретін жолдарды жақсарту жобасы әзірленеді. Ол бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңында басталады деп күтілуде:

Жоғары Қаскелең тас жолы (Жандосов көшесі бойымен),

Алматы-Бішкек тас жолы (Райымбек даңғылы бойымен), Қапшағай тас жолы, Іле тас жолы, Құлжа тас жолы, Талғар тас жолы.


Перевод Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс,
Жоғары қарай