Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 87 мың тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алады

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 18:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 87 мың адам әлеуметтік көмек алады. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ілияс Өсеровтың айтуынша, Алматыда күнкөріс минимумы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 23,2 пайызға өскен. Бүгінде ол 44 105 теңгеге жетті.

Сатистикалық мәліметтерге сәйкес, Алматыда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 87 мыңнан астам адам тұрады. Яғни, қала халқының жалпы санының 4,4 пайызы. Азаматтардың осы санатына АӘК төлеу (2,6 млрд бөлінді), жұмысқа орналасуға көмек, бизнес жобаларды іске асыру үшін гранттар беру (7,3 млрд жіберілді) түрінде жан-жақты қолдау көрсетіледі.

«Ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне азық-түлік те, азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар да кіреді», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.


Жоғары қарай