Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 85 жастағы күйеу жігіт пен 96 жастағы қалыңдық неке қиды

2020 жылдың 1 шілде 2020 09:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ерекше неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Бірінің жасы 80-нен асқан, ал екіншісі 90-ды еңсерген қариялар көп жылдан кейін некесін заңдастырды. Олардың махаббат бұлағынан нәр алған оқиғасына арна тілшілері де куә болып қайтты.

Мұнда некені рәсімдеу шаралары барлығына бірдей, жас ерекшелігіне қарамайды. Тіпті неке жүзігін алмасу да дәстүрге сай жүргізілді. Тек бүгінгі неке қиюдың бір өзгешелігі, карантинге байланысты әдеттегідей салтанат залында емес, неке сарайының терезесі арқылы өткізілді.

Тағы бір қызығы, ерінің жасы - 85-те, жұбайы - 96-да. Бұл жұптың махаббаты сонау 1985 жылы басталыпты. Бастапқы кезде достық қарым-қатынас болған. Елена Иванқызы опера театрында көп жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бірақ үйде қарап отыра алмай, қайта жұмысқа шығады.

«Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Біз Андрей Михайловичпен сол жерде таныстық. 35 жыл жолдас болдық» дейді Елена Ештокина.

Андрей Михайлович жас техниктер станциясында ұлдарға шеге қағуды, ұшақ жасап, ғарыш кемелерін құрастыруды үйреткен. Әрине, оның бәрі макет болатын.

Ең басты мақсат – балаларды ынталандырып, білімге, өнертапқыштыққа бейімдеу еді. Елена Ивановна өзі шығармашылық ортадан шыққандықтан бұл оған қатты ұнайды.

Ол опера театрында ариялар орындамаған, хорда ән айтқан. Бірақ үнемі жеке партиясы болғанын армандапты.

Енді міне, көп жыл жалғыздықтан кейін «жеке өмірім басталды, көптен күткен арманым орындалып, жар атандым» деп әзілдейді.


Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай