Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 7 спорт нысаны салынып жатыр

2021 жылдың 27 тамыз 2021 22:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бюджет қаржысы есебінен 7 ірі спорттық нысан салынып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, биыл жабық спорттық нысандардың құрылысы еселенген. Бұл объектілер тәулігіне шамамен 10 мың адамды қабылдауға жетеді.

Қазіргі уақытта Алматыда бюджет қаржысы есебінен жеті спорттық нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде алты спорттық-сауықтыру кешені мен теннис орталығы бар.

Сонымен қатар, жекеменшік ұйымдар бес ірі спорт нысанын салып жатыр. Атап айтар болсақ, үстел теннисі орталығы, Сұңқар ХШТК дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Жұлдыз» ықшамауданындағы спорт кешені, Май Вин дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Әуезов ауданындағы күрес орталығы. «Жан досым» теннис орталығы пайдалануға берілді.

2021 жылы аудандық әкімдіктер дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын орналастыру үшін қосымша жер телімдерін берді. 14 учаскенің жетеуі қаланың коммуналдық меншігінде, қалған жетеуі жекеменшікте.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қорда орналасқан ауданы 0,3-тен 1 га дейінгі жеті учаске үшін қала құрылысы және урбанизм бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялады.

Сонымен қатар, Атлетикалық ауылдың іргелес аумағында жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тендер өткізіліп жатыр.

Спикер атап өткендей, 2022-2024 жылдарға арналған Спорт басқармасы жалпы сомасы 3 миллиард 83 миллион теңгеге қаланың спорт ұйымдарын қажетті инвентарьмен және құрал-жабдықтармен кешенді түрде кезең-кезеңімен жабдықтау жоспарын дайындады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Спорт, Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай