Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 67 медициналық ұйым жоспарлы емдеуді қайта бастады

2020 жылдың 13 тамыз 2020 13:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, жоспарлы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың толық тізімін қордың сайтынан көруге болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.

«Ж үргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес, 2020 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша, елімізде медициналық сақтандыру қорының 626 медициналық ұйымы жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік-гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтері бар», - деді филиал басшысы.

Айта кетсек, 67 медициналық ұйымның ішінде жеке клиникалардың саны айтарлықтай жеткілікті.

«Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін. Мысалы, бірінші тоқсанда жоспарлы емдеуге жатқызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80% - ға өсті. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда мамандандырылған медициналық көмек 15%-ға, медициналық оңалту 35%-ға ұлғайды. Қор өз тарапынан қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізеді», – деді Тілеухан Әбілдаев.

Жоғары қарай