Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 66 жастағы әйелді көлік қағып кетті

2020 жылдың 25 маусым 2020 22:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Қайғылы жағдай өткен түнде Алматының Әуезов ауданында Саин мен Төле би көшелерінің қиылысында болған.

Саин көшесімен солтүстікке қарай бағыт алған «Hyundai» көлігінің жүргізушісі 1954 жылы туған П. атты әйелді қағып кетті.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп хабарлады полициядан.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Алматы,
Жоғары қарай