Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Алматыда 545 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 14:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда 9 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді, олардың 545 «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтын белгі иегерлерінің бірі – Назерке Алғашбекованың айтуынша, мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы.

«Осында өткізген оқушылық өмірімізде бізге алтын ұямыз осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойымызға сіңірді, тәлімімен жүректерді суарды, байыпты бағдарын бағыт етті, білімнің көкжиегін бойымызға дарытты» – дейді Алтын белгі иегері.




Сонымен қатар, ол қашықтан оқу форматы оқушыларға, ұстаздарға әсіресе ата-аналарға оңай болмағанын тілге тиек етті. Десе де, сенім мен күш жігердің арқасында оқу жылын ойдағыдай аяқталды.

«Сіздер әр кезде де біздің болашағымызға алаңдадыңыздар, сол болашақтың басты қаруы болып табылатын білім атты асыл күшті бүлдіршін кезімізден бастап сіңіре білдіңіздер. Сіздердің осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз - ертеңгі болашақ. Елімізде болған жағдайға қарамастан 4-ші тоқсанды сәтті аяқтадық. Осы үшін де Сіздерге- №147 гимназия ұстаздарына, ұжымына ерен еңбек,қолдауларыңызға шын жүректен алғыс айтамын» – дейді Назерке Алғашбекова.

Өз кезегінде, мектеп директоры Роза Макежанова оқушылар мен ата– аналарды оқу жылының аяқталумен құттықтады.




«Құрметті оқушылар, ата-аналар Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын. Тағы бір оқу жылы артта қалды. Биылғы оқу жылы оқушылар мен мұғалімдердің есінде ерекше сақталып қалады деп ойлаймын. Себебі, елдегі төтенше жағдайға байлансты біз 4 тоқсанды қашықтан оқыдық. Бұл ерекше үрдіс болды. Осы кезде мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен, зор ықыласпен жұмыс істеді, оқушылар белсенділік танытты, ата – аналар қолдау көрсетті. Соның арқасында барлық қиыншылықты жеңіп, сапалы білім бердік. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Мектеп түлектеріне алдағы ҰБТ сәттілік тілеймін» – деді онлайн соңғы қоңырау барысында мектеп директоры Роза Макежанова.

Айта кетсек, жалпы, 147 гимназияда 1072 оқушы оқиды. Биыл 43 түлек бітірді. Олардың үшеуі Алтын белгі, екеуі үздік аттестат иегері атанды.
фото: 24.kz
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Білім,
Жоғары қарай