Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 5 жыл бұрын іздеу жарияланған күдікті ШҚО-да ұсталды

2022 жылдың 18 мамыр 2022 06:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында 5 жыл бұрын іздеуге жарияланған қылмыскер Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйек айында Алматыда скутер ұрлаған ер адам осы уақытқа дейін жазадан жалтарып жүрген.

Сот шешімімен іздестіріліп жатқан ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласынан табылды. 30 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұдан бөлек, полицейлер Өскемен қалалық сотынан жасырынып жүрген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ол 2019 жылғы қаңтар айының ортасында көлік тонаған. Шаһар тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен іс қозғалды. Алайда қылмыскер 3 жыл бойы жасырынып келді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде теріс діни ағымның кітаптарын таратқан ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай