Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда  40 мыңнан астам кәсіпкер жұмыстарын бастауға өтініш берді

2020 жылдың 26 тамыз 2020 12:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегополисте 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысты бастау үшін www.infokazakhstan.kz сайтына өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Атамекеннің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында жұмысын қайта жандандыруға 43 849 өтініш берілді.

«Олардың ішінде кеңсе қызметі - 8403, өндірістік кәсіпорындар - 1184, бизнес орталықты жалға алушылар – 3368, базарда орын жалдаушылар – 3785, сауда ойын-сауық орталықтары –6087», - деп атап өтті Алматыдағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.


Жоғары қарай