Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 20-29 жас аралығында коронавирус жұқтырғандардың саны жоғары

2020 жылдың 16 шілде 2020 18:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір Алматыда 8259 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 5480 адамда симптомдары болса, 2799 адамда ешқандай белгісіз өтіп жатыр.

«Оның ішінде көбінесе коронавирус жұқтырғандардың жасы 20-29 аралығында. Олардың үлес салмағы 19,3 болып отыр. 30-39 жастағы адамдар арасында 13,1 пайыз, қауіп тобы боп саналатын қарт кісілер арасында 7,7 пайыз құрап отыр», - деді Ж.Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, көбінесе бұл жастардың жауапкершілігінің жоқтығын білдіріп отыр.

«Біздің ең бірінші аурулардың таралу себебі жастар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамау, маска кимеу көп кездеседі. Және жастар шоғырланып жүреді. Сол үшін олар үлкен кісілердің өміріне қауіп төндіреді. Олар өздері жеңіл ауырып тұруы мүмкін. Ал үлкен кісілерге бұл өте қауіпті. Қарт кісілерге үйде отырып, ешқайда шықпау керек», - деді Бекшин.


Жоғары қарай