Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 160 мың шаршы метр жерге гүл егіледі

2022 жылдың 15 мамыр 2022 06:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпжылдық және біржылдық сәндік өсімдіктерді отырғызу жұмыстары басталды. Гүлмен әсемделетін аумақтың жалпы көлемі - 159 мың шаршы метр, соның ішінде 26 мың шаршы метрге көгал егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, мегаполисте раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де өсімдіктер отырғызылады.

Жол жиектерінде біржылдық гүлдер өсіріледі. Олар гүлдеп болғаннан кейін келесі маусымда өсіп шығатын баданалар егіледі.




«Мамандар баданалы өсімдіктермен қатар, көпжылдық және біржылдық гүлдерді де егеді. Бүгінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Олардың қазіргі үлесі - 17%. 2023 жылы 60%-ға жеткізу көзделген», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың сәнділігіне қарай таңдалады.




Биыл көпжылдық гүлдер 15 мамырға, біржылдық өсімдіктер 10 маусымға дейін отырғызылады. Ал, баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі.

Сондай-ақ, қала бойынша суару жұмыстарын күшейту жоспарланған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қаланы сәнді көгалдандыру жұмыстарына 400 маман мен 50 техника жұмылдырылады.

Еске сала кетейік, елорда іргесіндегі жасыл аймаққа биыл 10 млн ағаш отырғызылады.











Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Экология,
Жоғары қарай