Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 120 мыңнан астам егде жастағы адам вакцина алды

2021 жылдың 22 қазан 2021 10:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3723 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қазан күні 3723 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1411, II компонентін 2312 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 қазаны аралығында қалада 984 345 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 922 535 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 120 051 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 егу пункті жұмыс істеп тұр, 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай