Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 115 оқушы коронавирус жұқтырған - Бекшин

2020 жылдың 27 қараша 2020 14:54

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қыркүйек айынан бері 115 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 109 онлайн режимінде оқып жатқан баладан анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мегополистің 200 мектебінде 1307 кезекті сынып бар.

«Алматыдағы кезекші сыныптарда 17 мыңға жуық бала оқып жатыр.Одан бөлек 300 орынға арналған 11 мектеп бар. Сонымен қатар, 8 мектеп-интернат жұмыс істейді. Олардың барлығы офлайн оқып жатыр.Қазір оқушылардың басым бөлігі онлайн білім алуда. Бізді осы режим алаңдатып отыр. Себебі, бірінші қыркүйектен бастап індет жұқтырған 115 оқушының 109 қашықтан оқып жатқандар. Қалған алтауы офлайн режимдегілер.Әрине ол сыныптар карантинге жабылды»,– дейді Жандарбек Бекшин.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің пікірінше, балаларға ауруды отбасы мүшелері жұқтырған. Аға-әпкелері мен офисте жұмыс істейтін ата-анасынан жұғуы мүмкін.

«Біз жұмыс берушілерге ұсыныс бердік. Қоластындағы қызметкерлердің 80% қашықтан жұмыс істеуге жіберу керектігін ескерттік. Бұл, ең алдымен, аурудың таралуын тоқтатады. Екіншіден ата-аналар үйдегі балаларды барынша бақылай алады»,– деді ол.


Жоғары қарай