Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 105 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 11:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 4 198 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қаңтар күні 4 198 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 20 қаңтар аралығында қалада 1 095 040 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 042 772 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 885 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 35 909 адам салдырды. Оның ішінде 1953 жүкті әйел, 7 652 бала емізетін ана және 26 304 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 104 916 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай