Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 100-ге жуық адам жиналған тойды өткізуге рұқсат берген тойхана иесі жазаланды

2020 жылдың 16 шілде 2020 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев карантин режиміне қалай мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердің әкімдіктері ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен және құқық қорғау органдарымен бірге мониторинг топтарын құрған болатын. Оның мақсаты – эпидемияға қарсы және карантин шараларын бақылауды қамтамасыз ету. 5-14 шілде аралығында аймақтық мониторинг топтары карантин уақытында жұмыс істеп тұрған 16 572 нысанды тексерді. Заңбұзушылыққа жол берген 1 617 нысан анықталды.

Айта кетерлігі, нысандарға тексеруге алғаш барған кезде тәжірибе есепке алынып, инфекциялық ауруларға қарсы санитарлық және ағарту жұмысына баса маңыз беріледі. Мониторинг топтары осы ретте ең алдымен түсіндіру жұмыстарына баса ден қойды», - деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мониторинг топтарының жұмысының нәтижесінде ескертулер бойынша кемшіліктерді түзегенге дейін 564 ұйым жұмысын өз еріктерімен тоқтатқан.

«ҚР ӘҚБК-ның 425-бабында қарастырылған заңды бұзғаны үшін 5 шілдеден бері 225 хаттама толтырылды. Мәселен сауда нысандарында, қоғамдық тамақтану орындарында ережелер жиі бұзылып жатады. Атап айтқанда адамдар маска кимейді, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, термометрия жүргізілмейді», - деді ол.

Мысалы Ақмола облысында аумағы 500 шаршы метрлік сауда нысаны рұқсат болмағанына қарамастан жұмысын жалғастыра берген. Оның иесіне 638 мың теңге айыппұл салынған. Сол секілді Семейде «Әлем» сауда үйі мен «Восход» базарына карантин уақытында жұмыс жүргізгені үшін иелеріне айыппұл салынған. Қостанай облысында карантин уақытында жұмысын жалғастырған сауда нысанындағы персоналда маска да, медициналық қолғап та, антисептик те болмаған. Алматыда ұжымдық банкеттерді анықтау барысында өткізілмеуі тиіс тойдың болып жатқаны анықталған. Оған 100 адамға жуық адам қатысқан. Осыған байланысты тойхана иесіне айыппұл салынған.


Жоғары қарай