Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 10 жасар бала екі күннен бері іздестірілуде

2022 жылдың 12 мамыр 2022 11:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 10 жастағы мектеп оқушысы Геннадий Рагутько іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментнің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Геннадий Рагутьконы іздеп-табу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

«Жедел іздестіру тобы құрылды. Оның құрамында ювеналды полиция, сыртқы қызмет қызметкерлері мен еріктілер бар. Қазіргі уақытта баланың жүруі мүмкін деген жерлердің бәрі анықталып, тексеріліп жатыр. Айта кетейік, оқушы бұған дейін де ата-анасын ескертпестен үйінен кетіп қалған», - дейді полиция өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқушы 10 мамыр күні түскі сағат 12:00 шамасында үйінен шығып кеткеннен хабар-ошарсыз.


Жоғары қарай