Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыда 1 мыңнан астам оттегі концентраторына тапсырыс берілді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 22:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жатқан науқастар саны үш есеге азайды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Алматы арнасындағы «Akimat Live» тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер шілде айында ауруханаларда төсек орын жетіспеушілігі байқалса, қазіргі жағдай мүлдем басқа. Бізде 6 мыңнан астам орын бар. Аурудың шарықтау кезінде төсек орындардың 90%-қамтылды. Қазір едәуір азайды. Яғни, 30% құрайды. Қазір ауруханаларда орын жеткілікті», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол ауруханаларды қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жалғасып жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта 5 КТ, 33 рентген және 500 ӨЖЖ аппараты сатып алынды. Оның 256 бюджеттің есебінен, қалғаны демеушілердің көмегімен алынды. Сондай-ақ, 1 050 оттегі концентраторына тапсырыс берілді, бүгінгі күнде оның 500-ге жуығы ауруханаларға тартылды», - деді қала басшысы.


Жоғары қарай