Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 1,5 мың медицина қызметкерінен кадр резерві жасақталды

2020 жылдың 22 шілде 2020 17:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1,5 мың медицина қызметкерінен тұратын кадр резерві жасақталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін қоса алғанда, 4 464 қызметкер коронавирусқа қарсы тынбай жұмыс істеуде.

«Біз 1 526 қызметкерден кадр резервін қалыптастырдық, оның ішінде дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері бар. Бірақ, қосымша төсек-орын ашу арқылы біз қолда бар резервті тұрақты түрде жұмылдыруға мәжбүрміз. Қалада кадр резервін жасағанымызға қарамастан, терапевт, пульмонолог, анестезиолог, реаниматолог және инфекционист сияқты мамандар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты біз стационарда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін қабылдауды жалғастырамыз. Төлем және жұмыс шарттары туралы консультацияны +7 (702) 633-01-68 телефоны арқылы алуға болады», - деді Камалжан Надыров.

Медицина қызметкерлері үшін біліктілік арттыру онлайн-курстары ұдайы өткізіліп тұрады.

Коронавируспен күреске жұмылдырылған барлық медицина қызметкерлері арнайы оқытудан өткен.


Жоғары қарай